181

«Әжелер, аналар, жеңгелер» мектебінің жетекшісі Жаркенова Гүлнардың ұйымдастыруымен «Отбасындағы құқықтық тәрбие» тақырыбында кездесу өтті.

 

Шараның мақсаты: білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылық және қылмыс белгілері және түрлерімен, құқықтары мен міндеттерімен таныстыру.

 

Кездесуге Қызылорда қалалық ішкі істер бөлімінің ювеналды полиция бөлімшесінің аймақтық аға учаскелік инспекторы, полиция мойоры Ерназарова Алия Бабабекқызы мен Молдақожаева Айнұр Жаңабекқызы, колледждің қыз балалары жәнк колледж медбикесі Дүйсенбаева Эльмира қатысты.

 

Іс-шара барысында қалалық ішкі істер бөлімінің ювеналды полиция бөлімшесінің инспекторлары «Қылмыскер бала қайдан шығады?» деген тақырыптарда бейнебаян көрсетті.

 

Колледж медбикесі жас жеткіншектер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу, жастардың адам тәрбиесі мен қоғам тәрбиесіне байланысты көзқарастарын дұрыс қалыптастыра отырып, болашақта ұлт тағдырын ойлайтын қоғамның мүшесі болуларына жағдай жасау керек екендігі туралы айтып өтті.

 

Студенттер талқылауға белсенді қатысып, сұрақтар қойды. Кездесу соңында олар үлкен позитивті эмоциялар алғанын, шынайы әңгімелер ұнағанын атап өтті. Бұл кездесу студенттердің өздеріне деген сенімділігін арттырып, өз ойын жеткізуге көмектесті.